Елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады
Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, Гордан Грлич-Радманның бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беруге ниетті екенін көрсетеді.

— Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев хорват компаниялары Қазақстан нарығында энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты, — делінген хабарламада.

Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді. Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады.

Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақ-хорват бизнес форумына Хорватияның көптеген ірі бизнес өкілі қатысып жатқанын қолдады.

Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады
Фото: Ақорда

Жиын аясында қол жеткізілген келісімдер сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге ықпал ететініне тоқталды. 

Бұған дейін Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар