Елімізде қанша нысан су астында қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің су басқан аумақтарында құзырлы органдар тәулік бойы міндеттерін орындап жатыр. Бүгінде құтқару жұмыстарына 30 мың адам және 3 мың техника жұмылдырылған.

Су тасқыны
Фото: Константина Шелкова

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқынының ағымдағы жағдайы туралы баяндады.

«Құтқару жұмыстарына 600-ге жуық су айдау құрылғысы мен су көлігі, 16 ұшақ тартылды. Су тасқыны басталғаннан бері 98 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның 33 мыңы – балалар. Уақытша орналастыру орталықтарында 7 мың адам жайғастырылды. Оның 3 364-і – балалар», - деді ол.

Белгілі болғандай, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 3 497 жеке тұрғын үй, 489 аула аумақтары, 1 778 саяжай және 55 түрлі мақсаттағы ғимарат су астында қалған.

Соңғы жаңалықтар