16:11, 02 Қазан 2023 | GMT +5
Елімізде Қаратау арқарларының саны 15 пайызға өсті
Арқарлардың ерте күйлеуіне байланысты биыл бұл тұяқтылардың санағы қыркүйек айының 25-29 аралығында жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Оған «Охотзоопром», сондай-ақ Қаратау қорығының қызметкерлері қатысты.
2023 жылғы күзгі санақ нәтижесі бойынша қорық эндемигінің саны 1309 бас болды.

Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15%-ға көп.
Естеріңізге сала кетейік, Қаратау арқары еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram