Елімізде кедейлік көрсеткіші азайды
АСТАНА. KAZINFORM — Өткен жылы елімізде күнкөріс минимумынан төмен табысы бар 167 мың отбасы тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,9% есе аз. Аталған отбасыларда 968,8 мың адам өмір сүрген, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға төмен. Бұл туралы Finprom.kz ресурсы хабарлайды.

Өңірлерге келсек, күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар отбасылардың дені Түркістан облысында тіркелген, яғни 22,9 мың. Одан кейін Алматы, Шымкент, сондай-ақ Маңғыстау және Жамбыл облыстары орналасқан. Ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді (2,1 мың).
Табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасында тұратын халық санына келсек, Түркістан облысында — 180 мың адам, Алматыда — 80,9 мың, Шымкентте — 68,9 мың, Жамбыл облысында — 66,7 мың, Маңғыстау облысында — 63,5 мың адам. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді — 13,3 мың адам.
Күнкөріс минимумынан төмен табысы бар адамдардың көбі бес және одан да көп адамнан тұратын отбасыларда өмір сүреді, яғни 825,8 мың адам. Төрт адамнан тұратын отбасыда — 92,4 мың адам, үш адам бар отбасы — 36,6 мың, екі адам бар отбасыда — 12,9 мың, жалғыз отбасында 1,2 мың қазақстандық бар.
Былтыр 167 мың отбасының ішінен 4,2 мыңының табысы азық-түлік себетінің құнынан да төмен болған, бұл көрсеткіш бір жылда 25,5%-ға азайған. Бұл отбасыларда 28,3 мың адам тұрған, бұл 2023 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 16,9%-ға аз.
Азық-түлік себетінің құнынан төмен табысы бар отбасында Қазақстанның 20 өңірінің тек 6-ында ғана тіркелген. Атап айтқанда, Шымкентте — 1,5 мың, ШҚО-да — 821, Түркістан облысында — 765, Алматы облысында — 609, Жамбыл облысында — 473 және Ұлытау облысында — 54 отбасы. Халық санына келсек, Шымкентте — 9,7 мың адам, Түркістан мен Алматы облысында — әрқайсысында 6,1 мың адам, ШҚО-да — 3,2 мың, Жамбылда — 2,8 мың, Ұлытауда — 380 адам.
Азық-түлік себетінен төмен табысы бар отбасылар құрамына қарай, 27,5 мың адам бес және одан да көп адамнан тұратын отбасыларда тұрады, ал 853 қазақстандық — екі адамнан тұратын отбасында өмір сүреді.
Күнкөрісі минимумнан төмен халықтың үлесі 4,8%-ды, ал азық-түлік себетінің құнынан төмен табысы барлар — 0,1%-ды құрады.
Күнкөріс минимумынан төмен табысы бар халықтың ең үлкен үлесі Түркістан (8,4%), Маңғыстау (7,9%) және Абай (7,6%) облыстарында тіркелген. Ең төмен үлес Астанада (2,1%), сондай-ақ Қарағанды (2,4%) және Атырау (3%) облыстарында байқалды.
Азық-түлік себетінің құнынан төмен табысы бар кедей қазақстандықтардың ең жоғары үлесі Шымкентте — 0,8%.
2024 жылдың төртінші тоқсанында күнкөріс минимумы 51,7 мың теңгені құрады, ал тұтынуға пайдаланылған орташа табыс — 104,6 мың теңге. Тұтынуға пайдаланылған табыстың күнкөріс минимумы деңгейіне қатынасы — 202,2%.
Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында тіркелді: 272,4%. Одан кейін Алматы (268%), Астана (257,2%), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (238,1%) және Павлодар (233,7%) облыстары. Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау (134,8%), Түркістан (142,7%) облыстарында және Шымкентте (150,7%) тіркелді.
Айта кетсек, биылдан бастап елімізде кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінен айқындалады.