Елімізде қылмыстың азаюы дұрыс бағытта келе жатқанымызды аңғартады – Бас прокуратура

АСТАНА. KAZINFORM – Кейінгі 5 жылда жылда Қазақстанда қылмыс деңгейі айтарлықтай азайды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты.

Жандос Өміралиев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

– Соңғы 5 жылда елімізде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді... 2019 жылы 280 мың қылмыс тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 133 мыңға дейін азайды. Бұл – үлкен жетістік, – деді Ж. Өмірәлиев.

Бұл тұрғыда ол кісі өлтіру және зорлық қылмыстары 2 есеге, тонау мен қарақшылық 5 есеге қысқарғанын атап өтті.

- Дамыған елдерде қылмыс деңгейін бірқалыпты ұстау – оң көрсеткіш ретінде саналады. Ал бізде оның айтарлықтай төмендеуі – дұрыс бағытта келе жатқанымыздың белгісі. Бұл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл мемлекеттік аппараттың және қоғамның ортақ еңбегі. Ең бастысы, қоғамның құқықтық санасының өсіп келе жатқаны байқалады, – деді ол.

Еске салсақ, биыл сәуір айында Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев іздеуде жүрген күдіктілерге қатысты пікір айтты. 

Соңғы жаңалықтар