Елімізде көкжөтелден 3 бала көз жұмған: Павлодарлық дәрігерлер дабыл қағып отыр

бала ауруханада
Фото: Pexels

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Жыл басынан қауіпті инфекцияны 70 бала жұқтырған. Дәрігерлер көкжөтелді жұқтырмас үшін оған қарсы екпені уақытында алу керек дейді.

Көкжөтелмен әдетте 14 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Ол әсіресе, омыраудағы сәбилер үшін қауіпті.

Өңірлік сантариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары дерттің аса қауіпті екенін ескертеді.

«Павлодар облысында жыл басынан 70 баланың көкжөтелмен ауырғаны тіркелді. Былтыр дәл осы кезеңде мұндай ауру мүлде кездеспеген еді. Көкжөтелге қарсы вакциа салу дерттің алдын алады. Ондай балаға инфекция жұққанның өзінде ауру жеңіл түрде өтеді» деп түсіндірді департаменттен.

Жыл басынан бері республикада көкжөтелден үш сәби көз жұмған, олардың барлығы екпе алмағаны анықталды.

Бұған дейін бұл дерттің Алматыда да таралып кеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар