Елімізде қолшатыр ұстаған ер адамға найзағай түскені рас па – полиция пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде қолшатыр ұстап келе жатқан ер адамның үстіне найзағай түскен сәтінің видеосы тарады. 

Найзағай
Фото: Pixabay

Бейнежазбадан байқалғандай ер адамға жасын оты түскен. Желі қолданушылардың кейбірі бұл оқиғаның Қазақстанда, яғни Балқашта болғанын жазған. Алайда Қарағанды облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

«Аталған факті шындыққа жанаспайды. Ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Осы орайда Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің барын еске салды.