Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді.

Бурабай
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Үкіметтің мәліметінше, ол аталған жұмыстардың нәтижесінде 2025-2028 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленгенін атап өтті.

— Сондай-ақ биыл курорттық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, логистиканы және туристік сервистерді дамытуды көздейтін Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары, сондай-ақ 2025-2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді, — деді Мырзабосынов.

Бұдан бұрын Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өскені анықталды.

Соңғы жаңалықтар