Елімізде лимон мен апельсиннің келісі қанша

Қазақстанда қазір цитрус өнімдеріне сұраныс артты. Өңірлерде апельсин мен лимонның құны қанша? Kazinform агенттігінің тілшісі облыс орталықтарындағы дүкендерден бағаны біліп, салыстырды. Кейбірінде едәуір айырмашылық бар.

а
Фото: DALL-E

Еліміз бойынша Түркістан мен Қарағандыда апельсин бағасы төмен. Келісі 850 теңгеден басталады, кей жердерде мың теңгеден жоғары. Ал Тараз қаласында апельсиннің орташа бағасы келісіне 950 теңгеден басталып, 1 250 теңгеге дейін жетті.

Талдықорған мен Алматыда баға сәл жоғары. Сонда да бұл өңірлер бағасы қолжетімді қалалар қатарына кіреді. Келісі мың теңгеден басталады.

Оралда баға орташа. Дегенмен кейбір дүкендерде апельсиннің келісі екі мың теңгеге дейін жетеді. Ал Қонаев қаласында баға шамамен — 1 100 теңге. Петропавл, Шымкент пен Жезқазғанда баға орта есеппен 1 800 — 2 000 теңге аралығында.

Павлодар мен Ақтауда баға шамамен 1 500 теңге айналасында. Ал Өскемен мен Семейде келісі — 1400 теңге. Астана мен Көкшетау қалаларында баға көтеріліп тұр. Мұнда бір келі апельсиннің құны 1 800 теңге және одан жоғары.

Елімізде лимон мен апельсиннің келісі қанша
Инфографика: Kazinform

Лимон бағасы еліміздің өңірлерінде әртүрлі. Мәселен оңтүстік облыстарда, оның ішінде Түркістан мен Таразда келісі 1200 теңге. Ал Қонаев пен Алматыда лимонды 1 200 теңгеге сатып алуға болады.

Қарағандыда баға көтерілді. Лимонның келісі шамамен 1 800 теңге. Қостанай мен Шымкент дүкендерінде орташа баға — 1 600 — 2 100 теңге. Ал Павлодар, Ақтау мен Талдықорғанда баға екі мың теңге және одан жоғары.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында баға шамалас. Петропавл мен Жезқазғанда лимонның келісі 2 200 теңге, ал Көкшетау мен Семейде келісі 2 500 теңге.

Бағаға әдеттегідей жеткізушілердің қызметі, логистика мен цитрус өнімдерінің сұрпы әсер етеді.

Еліміздің оңтүстігінде жаңа піскен өнім сатылады әрі бағасы төмен. Өнім солтүстік, шығысқа жеткенше жол шығыны қосылып, баға жоғарылайды. 

Бұған дейін Қазақстан қалаларындағы құрма мен анар бағасын салыстырдық. 

Соңғы жаңалықтар