Елімізде мамыр айында 128 мың автокөлік есепке қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы мамырда 128,1 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюроыс мәлім етті.

Оның ішінде: жеңіл автомобильдер – 113 мың, жүк автомобильдер – 8 мың, автобус – 1,4 мың, мототранспорт – 5,7 мың.
Стат бюроның мәліметінше, былтырғы мамыр айымен салыстырғанда бензинмен жүретін автокөліктер саны 15,3%, дизель отынымен жүретіндер 13,9%, газбен жүретіндер 36,2%, аралас отынмен жүретіндер 9,3% өскен.
Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9% артқан 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6,3 млн жетіп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында көретілген пошта және курьерлік қызмет көлемі 35,4 млрд теңгені құрағанын мәлімдеген еді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1% артық.