Елімізде мұнайдан түскен табыс қайда кетіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда мұнайдан түсетін табыс қайда жұмсалып жатыр? Қарапайым халық пайданы қалай сезінеді? Бұл сауалдарға тәуелсіз сарапшы, Energy analytics каналының авторы Абзал Нарымбетов жауап берді.

Елімізде мұнайдан түскен табыс қайда кетіп жатыр
Коллаж: Kazinform / Freepik / Midjourney

- 2024 жылы бюджет 27 трлн теңге пайда көрді, 30 трлн теңге ұсталды, 3 трлн теңге дефицит бар. Оның ішінде 10-12 трлн теңге ұлттық қорға түседі. Сонымен қатар мұнай компаниялары республикалық бюджетке, одан қалса жергілікті бюджетке жібереді. Сондықтан 27 трлн теңгенің жартысын мұнайдан келетін табыс деп айтуға болады. Ал 30 трлн теңге жаратылған ақшаның жартысы әлеуметтік бағытқа жұмсалады, яғни жалақы, зейнетақы тағы басқа. Мысалы, «Жайлы мектеп» жобасы, оған қаржы тікелей ұлттық қордан бөлініп отыр, одан қалса жол салу, - деді сарапшы. 

Сондай-ақ ол мұнайға сұраныс азайған жағдайда қандай қадамға баруға болатыны туралы ойын ортаға салды. 

- Мұнайға сұраныс азайып, ұсыныс көбейген кезде оның бағасы төмендейді. Біз әртараптандыру саясатын жалғастыруымыз керек, орта және шағын бизнесті кеңейту қажет, өндірісті көбейту керек. Бізде ауыл шаруашылығы - ашылмаған ең үлкен потенциал. Егіс алқабы бойынша дүниежүзінде 28-29 орында болсақ, адам басына шаққанда негізі бірінші орындамыз. Дүниежүзінде егін егетін бос, құнарлы жер аз. Ал бұл - үлкен бағыт. Қытайдың өзі 70 млн гектар жері болса да адам басына шаққанда бізден төмен. Адамдар табиғи өнімге көшіп жатыр, ол өсе береді, біз соның ішінде алғашқы 5 ел ішіне кіре аламыз. Сондықтан мұнайдан келген табысты барынша ауыл шаруашылығына, егіншілікке салған дұрыс, - дейді Абзал Нарымбетов.

Бұған дейін Energy analytics каналының авторы Абзал Нарымбетов мұнай өндірісінің көлеміне қатысты статитиска бойынша пікір білдірген еді.

Сонымен қатар Абзал Нарымбетов қазақстандық мұнайды сыртқа тасымалдаудың баламалы жолын атады.

Соңғы жаңалықтар