Елімізде референдум күні 10,4 мың учаске жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандықтар 10402 учаскеде дауыс бере алады. Бұл жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Референдум
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Оның сөзінше, жауапты мамандар еліміздің 20 өңіріне де барып, учаскелік комиссиялардың жұмысымен және референдумды ұйымдастыру барысымен танысқан.

— Дауыс беру учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығы, инфрақұрылымдық және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып жатыр. Сапар барысында анықталған жекелеген техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер сол жерде пысықталып, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылданды, — деді Н. Әбдіров.

Сонымен бірге ол учаскелік комиссия мүшелерін оқыту жоспарға сай жүзеге асып жатқанын және референдум күніне дейін аяқталатынын атап өтті.

Айта кетейік бұған дейін 54 шет мемлекетте 71 учаске ашылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум