Елімізде шамамен 5 мың педагог жетіспейді

Қазақстанда мектеп мұғалімдері әлі де жетіспейді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

«Білім беру процесінің жетістігі ең алдымен, педагогтың кәсіптік шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан, педагог-кадрларды даярлау тәсілдерін қазіргі заманға сай бейімдеп отыру – уақыт талабы. Қазір біздің колледждерімізде мұғалімдер тапшы. Шамамен 5 мың педагог жетіспейді. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітіріп шығады. Алайда, олардың көпшілігі өз кәсібі бойынша жұмыс істемейді» - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, педагог беделі мен мәртебесін арттыру үшін заңнамалық тұрғыдан да көп жұмыс атқарылды.

Мұғалімдердің жалақысы көтерілді олар қосымша жүктемелерден, артық есеп беруден босатылды.

«Ағартушылық салаға дарынды жастарды тарту бойынша шаралар кешені қабылданды. Педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуге қойылатын талаптар күшейтілді. Педагогикалық жоғары оқу орындарына түсу балы қаншалықты жоғары болса, ең мықты талапкерлерді іріктеу мүмкіндігі де соншалықты арта түседі. Егер 5 жыл бұрын осы мамандықтарға 50 балл жинаған талапкерлер өтсе, қазір орташа балл – 111» - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар