Елімізде шашыранды склерозға шалдыққандар саны күн санап өсіп жатыр – невропотолог
АСТАНА. KAZINFORM – Мамырдың соңғы сәрсенбісі – дүниежүзі бойынша шашыранды склерозбен (ШС) күрес күні. Орталық жүйке жүйесінің созылмалы аутоиммунды ауруы кезінде ағзаның иммундық жүйесі жүйке талшықтарының қабығын (миелин) зақымдайды. Соның салдарынан адамның қимыл-қозғалысы, көруі, сөйлеуі, тепе-теңдігі мен басқа да өмірлік функциялары бұзылады. Аурудың аты айтып тұрғандай, жүйке жүйесіндегі зақымданулар бір жерге емес, әртүрлі нүктелерге «шашырап» орналасады. Бұл дерт туралы первентивті медицина ассоциация мүшесі, невропотолог Айгерім Елтаймен сұхбаттасқан едік.

– Шашыранды склероздың белгілеріне қысқаша тоқталып өтсеңіз...
– Шашыранды склероздың белгілеріне бір немесе екі көз көруінің бұзылуы, бедеулік, бас айналу жəне жүрек айну, сөйлеудің бұзылуы, шаршағыштық жатады. Физикалық тексеру кезінде көру нервінің невриті; аяқ-қолдың спастикалық парезі; атактикалық жүріс; интенционды тремор; түрлі соматосенсорлық бұзылыстар; қуық жəне тік ішек дисфункциясы; психикалық бұзылыстар, масалы дезориентациядан анықталады.
– Аурудың пайда болу себебі неде?
– ШС негізінде универсалды патологиялық процесс жатады. Ол нерв клеткалары, иммундық компонентті клеткаларда дамитын, иммунопатологиялық жəне патохимиялық реакциялар кешенінен жинақталады. ШС кезінде аутоиммундық компоненттермен қосылған басқа аурулар кезіндегідей иммунндық реакции өзгеруіне байланысты болады.
– Қазақстанда бұл дерт қаншалықты жиі кездеседі?
– Қазақстанда шашыранды склерозға шалдыққандар саны күн санап өсіп жатыр. Диагностиканың арқасында бүгінгі таңда 2 мың жарым адамнан асты.
– Бұл ауру түріне қандай емдеу әдістерін қолдану керек?
– Мүгедектіктің алдын алу немесе болдырмау, күнделікті белсенділікті жақсарту, спастиканың айқындылығын төмендету, асқынулар дамуының алдын алу (контрактура, ойылу), өмір сапасын жақсарту. Ауру дәрі-дәрмексіз емделмейді.
– Диагноз қою үшін қандай тексерістер жүргізіледі?
– Диагноз қою және ауруды нақтылау үшін офтальмолог консультациясы, магнитті-резонанстық томография, қанның жалпы анализі, зəрдің жалпы анализі және қанның биохимиялық анализдерін тапсыру керек болады. Бұл дерттің негізгі түрлері ауру ағымына байланысты процесстің орналасуы бойынша церебралды, спинальді және цереброспинальді болып бөлінеді.
Ал ауру ағымы бойынша:
1. Рецидивті — ремитирлі (ремитирлі) форма, асқынулар арасында ауру үдемейді.
2. Біріншілік прогредиентті форма (неврологиялық бұзылыстардың тұрақты үдеуі аурулдың басынан басталады).
3. Екіншілік прогредиентті форма (неврологиялық бұзылыстардың біртіндеп күшеюі).
4. Прогредиентті-рецидивті форма (асқыну біріншілік үдемелі ағымға жүктеледі).
– Қандай дәрі-дәрмек жиі тағайындалады?
— Шашыранды склероз кезіндегі барлық емдік зат кешенін негізгі екі топқа бөлуге болады — патогенетикалық жəне симптоматикалық.
Патогенетикалық ем иммундық жүйе клеткаларымен актитендірілген ми тіндері деструкциясының алдын алуға бағытталған. Бұл топтың көп заттары — иммунреттеуге, гемаиоэнцефалдық тосқауыл жағдайына əсер ететін иммунотроптық препараттар. Оларға жатады: иммуносупрессорлар — глюкокортикоидтар (метилпреднизолон).
Иммуномодуляторлар — интерферон — бета-1б немесе оның аналогтары (аса тиімді, рецидивтер санын азайтуға жол береді жəне жаңа ошақтардың түзілуін болдырмайды). Ұсынылатын доза 0,25 мг (8 млн. ХБ), 1 мл дайындалған ерітінді, тері астына күнара егеді.
— Аурудың алдын алуға бола ма?
— Біріншілік профилактика: вирусты инфекцияларды дер кезінде жəне тиімді емдеу керек. Профилактикалық шараларға келер болсақ, консультация мен реабилитациялық шараларды белгілі уақыт аралығында жүргізу қажет. Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: ем жəне реабилитациялық шараларды тағайындау үшін дəрігер қабылдауында барлық жанұя мүшелері қатысқаны жөн.
— Генетикалық тұқым қуалай ма?
— Негізінде бұл ауру басым жағдайда жастар арасында кездеседі (20-40 жас). Жиірек əйелдер ауырады. ШС дамуы орта факторларынан туындаған — вирусты инфекциямен (мысалы: ретровирустар, қызылша, қызамық, тұмау вирусы), географиялық факторлармен жəне генетикалық берілумен болады. ШС науқастырының тікелей туыстарында, жалпы популяциядағыларға қарағанда ауру туындауы 20-50 есе артық болады.
– Бұл диагнозды алғаш естіген адамға қандай кеңес берер едіңіз?
– ШС кезінде басты міндет – тұрақты ремиссияға қол жеткізу. Міндетті түрде дер кезінде қаралып зерттеулерден өту керек. Сосын қойылған диагноз бойынша дəрілік ем қабылдау реабилитациядан өту арқылы жақсы нəтижеге қол жеткізуге болады.
Сұхбаттасқан
Жайна ТҰРАРБЕК