Елімізде сот сараптамасының жаңа түрі пайда болмақ

АСТАНА. KAZINFORM – Әділет министрлігі сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы бұйрығына өзгерту енгізбекші. Құжат жобасы 21 мамырға дейін ашық талқылауда болады.

Елімізде сот сараптамасының жаңа түрі пайда болмақ
Фото: stock.adobe.com

Негіздемеде сот сараптамасының жаңа түрі зияткерлік меншік нысандарына сот сараптамасына тағайындау көбейіп кеткендіктен тізбеге енгізілетіні айтылған.

«Бұған дейін аталмыш сараптамалық зерттеу азық-түлік емес тауарлардың тауарлық сараптамасы аясында жүргізіліп келді. Дегенмен зерттеу нысаны тауарларға емес, оларды сәйкестендіру құралдарының белгілерін адамның қабылдауына байланысты мән-жайлар болып отыр және арнайы тауарларға қатысты жоқ тауарлық зерттеулер саласындағы ғылыми білім болып есептеледі», - делінген негіздемеде.

Сонымен, Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесіне мынандай сараптама түрлері енгізілмек:

- Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы;

- Дараландыру құралдарын ұқсастық тұрғысынан сот-сараптамалық зерттеу.

Соңғы жаңалықтар