Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саясаты қайта қаралады

Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша яғни осы салалағы саясатты қайта қарау жөніндегі жол картасын іске асырып жатыр. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров мәлім етті, деп хабарлайды Кazinform. 

Елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саясаты қайта қаралады
Фото: pixabay

«Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 87 мың қорғау нұсқамасы таратылды. Отбасында зорлық-зомбылық көрсетушілер полицейлердің бақылауында. Айыптыға бірқатар шектеу қойылады, осыған талаптарды бұзу бойынша 12 мың фактінің жолы кесілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамда түрлі құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаты қалыптасқанын атап өткен жөн», - деді Ренат Зұлхайыров ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткішінің азайғаны байқалып отыр.

«Полицейлердің күш көрсетушілерге қарсы шара қабылдауында кейбір мәселелер бойынша құзыреті рұқсат бермейді. Осыған байланысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша яғни осы салалағы саясатты қайта қарау жөніндегі жол картасын іске асырып жатыр», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар