Елімізде үлестік тұрғын үй құрылысының «көлеңкелі» нарық үлесі 62,5% – ҚТК зерттеуі
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) 2025 жылғы үлестік тұрғын үй құрылысы саласындағы көлеңкелі нарықтың үлесіне қатысты жыл сайынғы зерттеу нәтижесін жариялады.

Компанияның мәліметінше, зерттеу еліміздің 19 ірі қаласы мен 606 салынып жатқан тұрғын үй нысанын, оның ішінде 3 қабатқа дейінгі аз қабатты құрылыстарды қамтыды. Сараптама танымал ақпараттық ресурстардағы жарнамалық хабарландырулар мен «Қазрестр» жүйесінің деректері негізінде жүргізілген.
2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша, үлестік құрылыс нарығында көлеңкелі сектордың үлесі 62,5%-ды құрады. Бұл көрсеткіш, салынып жатқан 606 тұрғын үй нысанының тек 227-сі немесе 37,5%-ы ғана жергілікті атқарушы органның (ЖАО) рұқсатын немесе ҚТК кепілдігін алғанын көрсетеді. Қалған 379 жоба заңнама талаптарын орындамаған.
№ |
Қала |
Объектілердің жалпы саны |
Заңды нарық |
«Көлеңкелі» нарық |
2025 ж. «көлеңкелі» нарықтың үлесі |
2024 ж. «көлеңкелі» нарықтың үлесі |
1 |
Ақтау |
25 |
0 |
25 |
100,0% |
98,2% |
2 |
Бесағаш |
9 |
0 |
9 |
100,0% |
100,0% |
3 |
Көкшетау |
9 |
0 |
9 |
100,0% |
91,7% |
4 |
Қонаев |
8 |
0 |
8 |
100,0% |
80,0% |
5 |
Петропавл |
6 |
0 |
6 |
100,0% |
100,0% |
6 |
Тараз |
5 |
0 |
5 |
100,0% |
100,0% |
7 |
Семей |
3 |
0 |
3 |
100,0% |
100,0% |
8 |
Орал |
3 |
0 |
3 |
100,0% |
91,7% |
9 |
Түркістан |
2 |
0 |
2 |
100,0% |
100,0% |
10 |
Павлодар |
2 |
0 |
2 |
100,0% |
66,7% |
11 |
Қызылорда |
1 |
0 |
1 |
100,0% |
100,0% |
12 |
Қарағанды |
24 |
1 |
23 |
95,8% |
100,0% |
13 |
Ақтобе |
17 |
1 |
16 |
88,2% |
96,0% |
14 |
Алматы |
168 |
59 |
109 |
64,9% |
68,5% |
15 |
Қостанай |
20 |
7 |
13 |
65,0% |
56,3% |
16 |
Өскемен |
14 |
5 |
9 |
64,3% |
78,9% |
17 |
Астана |
203 |
101 |
102 |
50,2% |
49,2% |
18 |
Атырау |
22 |
12 |
10 |
45,5% |
70,8% |
19 |
Шымкент |
65 |
41 |
24 |
36,9% |
61,2% |
ҚР бойынша жалпы саны: |
606 |
227 |
379 |
62,5% |
69,6% |
Салыстыру үшін: 2024 жылы көлеңкелі нарық үлесі 69,6% болған. Осылайша, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 7,1%-ға төмендеді. Атап айтқанда «Заңды» объектілер саны 15,8%-ға өсті (227 нысан – 2025 ж., 196 нысан – 2024 ж.), «Көлеңкелі» объектілер саны 15,4%-ға азайды (379 – 2025 ж., 448 – 2024 ж.), Жалпы жарнамаланған салынып жатқан нысандар саны 5,9%-ға кеміді (606 – 2025 ж., 644 – 2024 ж.).
Ең жоғары көлеңкелі үлес (100%) келесі қалалар мен елді мекендерде тіркелді: Ақтау, Көкшетау, Қонаев, Петропавл, Тараз, Семей, Түркістан, Орал, Павлодар, Қызылорда және Алматы облысындағы Бесағаш ауылы. Бұл өңірлердегі салынып жатқан тұрғын үй кешендері үлескерлер қаражатын тартуға қажетті рұқсатсыз жарнамаланған.
Көлеңкелі нарықтың ең төмен көрсеткіші Шымкент (36,9%), Атырау (45,5%) және Астана (50,2%) қалаларында байқалды.
ҚТК басқарма төрағасы Алтай Күздібаевтың айтуынша, нарықтағы оң өзгерістерге қарамастан, заңсыз үлестік құрылыс фактілері әлі де кең таралған.
– Үлескерлердің қаражатын тартуға ЖАО рұқсаты немесе ҚТК кепілдігі жоқ жобаларды жарнамалауға тыйым салу, сатып алу кезінде тек қолма-қол ақшасыз төлемге көшу, заң бұзғандарға айыппұл мөлшерін арттыру – үлестік құрылыс нарығын тазартуға бағытталған қажетті шаралар, - деді ол.
Қазіргі таңда ҚТК аталған нарыққа тұрақты мониторинг жүргізіп, үлескерлердің құқықтарын қорғау және ашық әрі заңды құрылыс нарығын қалыптастыру бағытында жұмыстарды жалғастырып келеді.
– Бұған дейін, 2024 жылғы зерттеу кезінде көлеңкелі нарық үлесі 66,6% деп көрсетілген болатын. Алайда, бұл есепке аз қабатты (3 қабатқа дейінгі) тұрғын үй объектілері енгізілмеген. 2025 жылғы қыркүйектен бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді мұндай құрылыс түріне де ЖАО рұқсаты немесе ҚТК кепілдігі талап етіледі. Сондықтан биылғы зерттеу бұл объектілерді де қамтып отыр, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елімізде құрылыс компанияларының «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алуы үшін қойылатын талаптар жеңілдетілгенін жазғанбыз.
Сонымен қатар ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жаңа заңға сай тұрғын үй құрылысына заңсыз үлескер тарту және жарнама жасау әрекетіне қандай жаза тағайындалатынын айтқан болатын.