Елімізде жаңадан 20 су қоймасын салу жоспарланып отыр

Елімізде жаңадан 20 су қоймасын салу жоспарланып отыр
Фото: oskenonir.kz

Жер шарының 70%-ын су алып жатыр. Алайда оның 97,5%-ы тұзды су. Қалған 2,5%-ы ғана ішуге жарамды, деп хабарлайды Kazinform Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондықтан тіршілік нәрін үнемдеп қана қоймай, оны тиімді пайдалану өте маңызды.

Осыға байланысты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі.

Кешенді жоспарды іске асыру аясында ел аумағында жаңадан 20 су қоймасын салу, қолданыстағы 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам суару жүйесін реконструкциялау жоспарланып отыр.

Құжатта қарастырылған осы және өзге де іс-шаралардың нәтижесінде министрлік тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге, еліміздегі су қорын арттырып, суармалы жерлердің ауданын ұлғайтуға және су шығынын азайтуға ниетті.

 

Соңғы жаңалықтар