14:02, 02 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Елімізде жарты млн адамның банктерде проблемалы несиесі бар
АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова несиесі бойынша проблемасы бар адамдардың санын нақтылады.

- Қазір банктерде 500 мыңға жуық адамда проблемалы несиесі бар. Ал 350 мыңға тарта адамда микроқаржы ұйымдарында проблемалы несиесі анықталды, - деді Мәдина Әбілқасымова Парламент палаталарының бірлескен отырысының алдында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық банк тұтынушылық несиені 5 жылдан астам мерзімге беруге тыйым салмақ.
Айта кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова елімізде төлем карталарына қатысты талаптар күшейтілгенін мәлім етті.