Елімізде жыл сайын 300–350 судьяның орны бос қалады

  АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда судья тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр? Бұл сауалға Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Салтанат Жүнісбекова жауап берді.

Елімізде жыл сайын 300–350 судьяның орны бос қалады
Фото: ОКҚ

— Жыл сайын шамамен 300–350 судьялық орын бос қалып жатады. Оның арты судьялардың шамадан тыс жүктемесіне, мерзімінен бұрын отставкаға кетуіне және өз еркімен қызметін босатуына алып келеді, — деді Салтанат Жүнісбекова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жағдайды өзгерту үшін бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібі қайта қаралды.

Атап айтқанда:

— конкурстардың саны жылына екі реттен алты ретке дейін артты;

— бір конкурсты өткізу мерзімі алты айдан екі айға дейін қысқартылды;

— конкурстық үдеріс ашық әрі объективті болды, яғни субъективизм жойылып, нақты және түсінікті өлшемшарттарға басымдық берілді;

— үміткерлерді бағалау кезінде азаматтардың пікірі мен қоғамдық кеңестердің ұсынымы ескеріледі.

Жоғарғы сот кеңесі мүшесінің мәлімдеуінше, жоғарыда аталған шаралар судьялар корпусын жасақтау процесін жеделдетуге, сапаны арттыруға және судьялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде судьяларды іріктеу жүйесі түбегейлі өзгерді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда кассациялық соттар жұмысын бастады

Соңғы жаңалықтар