Елімізде жыл сайын қатерлі ісікке 57 мыңнан астам операция жасалады

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде қатерлі ісіктерді хирургиялық емдеудің жаңа әдістері енгізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов айтты.

пересадка органов, операция
Фото: Freepik

- Жыл сайын 20 өңірлік және 2 Ұлттық онкологиялық орталықта 57 мыңнан астам хирургиялық операция жасалады. Оның 20 пайызы – III-IV санаттағы күрделі операциялар. Алдағы жылдары барлық өңірде аз инвазивті және интервенциялық операциялар көбейетін болады, - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақ онкология институтында қатерлі ісіктерді хирургиялық емдеудің мынадай жаңа әдістерін енгізіп жатыр:

- онкоурология, онкогинекология және абдоминальді онкологиядағы роботты хирургия;

- қатерлі ісік диагнозы кезінде қаңқа сүйектерін 3D протездеу;

- 3D импланттарды қазақстандық титаннан әзірлеу бойынша жұмыстары.

- Қазіргі уақытта қазақстандықтарға таргетті және иммунобиологиялық препараттардың 45 түрі қолжетімді. Бөлінген 103 млрд теңге қаржыландыру кезінде таргетті препараттармен қамту 83 пайыз. Дәрілік терапияның қолжетімділігін арттыру және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану үшін министрлік әртүрлі тәсілдер әзірлеп жатыр. Мысалы, онкологиялық ауруларды халықаралық стандарттарға сәйкес диагностикалау мен емдеу хаттамалары жаңартылды, - деді институт басшысы.

Айта кетейік, елімізде жыл сайын елімізде 41 мыңнан астам адамға онкологиялық аурулар диагнозы қойылады. 

Соңғы жаңалықтар