Еліміздің 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

30 наурызда Алматыны түнде және таңертең тұман басады.
Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұманды күн райы болады. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Осы аймақтарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында 30 наурызда түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады.