Еліміздің әр өңірінде 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – 1 тамыздан Қазақстанның барлық өңірінде жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталады. Науқан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жыл сайынғы бұл дәстүрлі акция аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.
Бүгінгі таңда акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары жасалып, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жинақталып, бекітілген.

Айта кетейік, бұл – жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін республикалық қайырымдылық акциясы. Ол әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсетуге бағатталған. Игі іс-шараның мақсаты – мектепке дайындық кезеңінде қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсете отырып, олардың білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 16 600 баланы мектепке дайындау үшін бір жолғы әлеуметтік көмек берілетінін хабарлаған едік.