13:45, 13 Қараша 2023 | GMT +5
Еліміздің аумағына қандай қымбат алкоголь мен сигара өнімдері жеткізілді
Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың 10 айында еліміздің аумағына қандай қымбат алкоголь және сигара өнімдері жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«2023 жылдың 10 айында Қазақстан аумағына үшінші елдерден (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 127 278 долларға COHIBA сигаралары, 4 693 203 долларға MACALLAN вискиі, 1 092 600 долларға сыйлық қораптағы COGNAC REMY MARTIN LOUIS XIII коньяғы әкелінді», - деп атап өтеді комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай.
Ведомствоның деректеріне қарағанда, өткен жылдың 10 айында елімізге үшінші елдерден (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 32 741 долларға COHIBA сигаралары, 2 736 230 долларға MACALLAN вискиі, 1 031 723 долларға сыйлық қораптағы COGNAC REMY MARTIN LOUIS XIII коньяғы жеткізілген болатын.