Еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 23-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайы Kazinform.

боран
Фото: Астана әкімдігі

Әлі күнге дейін циклон шұңқырының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен елдің көп бөлігінде боран соғып, қар жауады, елдің батысында жаңбыр мен қар жауады. Еліміз бойынша жел күшейіп, тұман түседі, батыста көктайғақ болады.

Осыған дейін Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан 1 500-ден астам көлік жолда қалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар