Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жауын жауады

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 24-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Дождь Алматы Жаңбыр осень күз
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына әлі де солтүстік батыс циклоны әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік шығысында қатты жаңбыр жауады, деп болжанып отыр.

Орталықта, солтүстікте, шығыста, оңтүстік шығыста бұршақ жауып, дауыл тұрады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстік шығысында шаңды дауыл тұрады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік батысында түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Жетісу облысында, Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында, Алматы облысының орталығында, Абай облысының оңтүстік шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, Абай облысының солтүстік батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Осыған дейін Қазақстанда 24–26 мамыр аралығында үсік жүретіні туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар