Еліміздің бір өңірінде республикалық жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

5 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: БҚО ТЖ

— 2025 жылғы 10 қаңтарда сағат 09:00–дан бастап Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жезқазған-Петропавл» автожолының 719-785 шақырым аралығында (Новоишим ауылынан Сергеевка қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылғы 10 қантар сағат 15:00–де жолды ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысында жол жабылғанын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар