Еліміздің бірқатар өңірі қашықтан оқыту форматына көшті

АСТАНА. KAZINFORM – Боран соғып, көктайғақ болып, күннің күрт суытуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді.

боран, метель, снег, погода
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Павлодар облысында ауа температурасы -37 градусқа дейін суытпақ. Осыған байланысты 15 қаңтар күні өңірде 1 ауысымда оқитын 1–11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1–2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Сондай-ақ ертең Ақтөбе облысында ауа райына байланысты өңірдің барлық мектептерінің 1-11 ысынып оқушылары қашықтан білім алады.

Ал, Атырау облысында 71 мектеп қашықтан оқытуға көшірілген.

Солтүстік Қазақстан облысында - 35 градус аяз. Бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан білім алады.

Осыған дейін 15 қаңтарда астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшетіні туралы жаздық.

Айта кетейік, Қазгидромет күннің күрт суытуы себепті Қазақстанның бүкіл аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

 

Соңғы жаңалықтар