Еліміздің бірқатар өңірінде 5,6 млрд теңгеге жуық сомаға тариф төм­ендеді

Табиғи монопо­лияларды реттеу коми­теті мен оның аумақ­тық бөлімшелері табиғи монополиялар субъе­ктілерін тексерді, деп хабарлайды Kazinform.

снижение тарифа
Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Ведомствоның мәліметінше, былтыр коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен дамытуға арнайы тарифтер бекітілген болатын.

​Жедел деректер бойын­ша, бүгінде еліміздің бірқатар өңірін­де 256 табиғи монопо­лия субъектісінің өз мі­ндеттемелерін орында­мағаны анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 5,6 млрд теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Реттелтін қызметтер бойынша табиғи монополиялар субъе­ктілерінің өз міндеттемелерін орындамау сомалары мынадай:

  • жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау - 1,6 млрд теңге, кейбір өңірл­ерде тарифтің төменд­еуі 7,4%-ға жетеді
  • сумен жабдықтау - 1,2 млрд тең­ге, кей өңір­лерде тарифтің төмен­деуі 12,6%-ға жетеді
  • су бұру - 0,9 млрд теңге, кейбір өңірлерде тарифтің төмендеуі 13,2%-ға жетеді
  • электр энергиясын беру және тарату - 0,45 млрд теңг­е, кейбір өңірл­ерде тарифтің төменд­еуі орташа есеппен 10,5%-ға жетеді
  • газды газ тарату жүйелері арқылы тасы­малдау - 1,5 млрд теңге, кей өңірлерде тарифтің төмендеуі 6,3%-ға жетеді және т.б.

​Осы бағытта жұмыс жа­лғасуда. Енгізілген өтемдік тарифтер бой­ынша соңғы ақпа­рат қосымша хабарлан­атын болады.

Соңғы жаңалықтар