07:15, 12 Наурыз 2026 | GMT +5
Еліміздің бірнеше өңірінде оқушылар мен студенттер онлайн оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздің бірқатар аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды.
Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары онлайн сабаққа көшті.
Павлодар облысында да 1-11(12) сынып оқушылары мен колледждің 1–2 курс студенттері қашықтан оқиды.
Семей қаласының мектептерінде де бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн форматқа ауыстырылады.
Бұған дейін Астана қаласындағы бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен студенттері онлайн оқитыны туралы жаздық.