Еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 22:00–де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар екі облыстық автожолда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысы шектеліп, жолдар жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарлады.
Ақмола облысы:
— «Астана — Көкшетау — Петропавл» автомобиль жолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);
— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автомобиль жолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
Павлодар облысы:
— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автомобиль жолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұдан бұрын Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.