Еліміздің екі өңірінде прокуратура қызметкерлері қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокуратура өңірлік прокуратура органының екі қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді.

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы прокуратурасының қызметкері есірткі сату күдігімен ұсталғаны және Ұлытау облысында прокурор пара алу күдігімен қамауға алынғаны жайлы ақпарат тарады.
- Қызылорда облысында есірткі сату күдігіне ілінген тұлға ұсталған сәтте құқық қорғау органдарының қызметкері болмаған, - деп түсіндірді Бас прокуратурадан.
Одан бөлек, Қызылорда облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Бас прокуратурасы Ішкі қауіпсіздік департаментінің бірлескен жедел іс-шараларының нәтижесінде Ұлытау облысында Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Айта кетсек, Бас прокуратураның сәуірдегі мәліметіне сәйкес, елімізде есірткіге тәуелді 18 мың адам есепте тұр, оның 66%-ы кәмелетке толмаған.