Еліміздің екі өңірінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
— Тек батыс және солтүстік өңірлерде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, найзағай, бұршақ, солтүстікте — шаңды дауыл, батыс пен солтүстікте — желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте — шаңды дауыл, шығыста — түнгі және таңғы уақытта тұман болады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктер өрт қауіптілігінің жоғары деңгейі күтілетін өңірлерді атады:
-
Маңғыстау облысының батысында,
-
Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі,
-
Түркістан облысының оңтүстігі,
-
Қарағанды облысының шығысында,
-
Павлодар облысында,
-
Қостанай облысының орталығында,
-
Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде,
-
Атырау облысының батысы, солтүстік-шығысы мен шығысында,
-
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында,
-
Алматы облысының батысы мен орталығында,
-
Абай облысының оңтүстік-шығысында,
-
Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында.
Өте жоғары — төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер мыналар:
-
Қызылорда облысы,
-
Түркістан облысының солтүстігі, шөлді және таулы аймақтары,
-
Жамбыл облысының батысы мен шығысы,
-
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы,
-
Атырау облысының оңтүстігі,
-
Қостанай облысының оңтүстігі,
-
Алматы облысының солтүстігі,
-
Ақмола облысының батысы,
-
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігі,
-
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы,
-
Жетісу облысы,
-
Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі,
-
Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығы.
Бұған дейін биылғы жазда ауа райы қандай болатыны белгілі болды.