Еліміздің ең кішкентай патриоты Түркістан облысында тұрады
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Tiktok әлеуметтік желісіне гимннің даусын ести сала ұйқысынан тұрып, әнұранға құрмет көрсеткен бүлдіршіннің жазбасы тарады. Аз уақытта 1 млн аса қаралым жинаған жазбаның астына 10 мыңнан аса желі қолданушы пікір қалдырды.
Желідегі жұрттың жүрегін елжіреткен бүлдіршін Түркістан облысында тұрады. Есімі Медина. 2 жаста. Үйдегі 3 баланың ортаншысы. Кішкентай патриоттың бұл қылығын Tiktokқа әпкесі жүктеген. Желі қолданушыларын сүйсінткен жазба 6-7сағаттың ішінде 1 млннан аса қаралым жинаған. 100 мыңнан аса лүпіл басылып, 12 мыңнан астам пікір жазылды.

— Медина балабақшаға барады. Видеоны таңертең анасы түсірген болатын. Әнұранды қосқанда қызым ұйқысынан тұрып, өзінің патриоттық сезімін білдірген екен. Әлеуметтік желіде жақсы пікір, тілектер жазып жатыр. Өзім Ұлттық Ұлан қолбасшылығында қызмет етемін. Қызымның осындай патриоттық сезімін көріп, өзімнің де жұмысыма деген құлшынысым одан әрі артып жатыр. Шынымызды айтсақ бұлай болып кетеді ойламадық, жай түсірілім болған еді. Сіздерге де осындай сәби жұғысты болсын, — деді әкесі Рахат Құрманбай.
Еске салайық осыған дейін Тәуелсіз Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы алғашқы ту ұстаушысы кім екенін жазғанбыз.