Еліміздің кәсіпқой футбол лигасында ойнайтын ең қымбат отандық футболшылар анықталды
Transfermarkt футбол порталының мәліметінше, еліміздің кәсіпқой футбол лигасында ойнайтын ең қымбат отандық футболшылар анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл тізімде ұлттық құрама мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген көш басында тұр. Оның бағасы - 900 мың еуро. Дәл осы бағамен Максим Самородов («Ақтөбе») екінші орында келеді. - 800 мың еуро.
Ұлттық құрама шабуылшысы Абат Айымбетов («Астана») - 800, Темірлан Ерланов («Ордабасы») 700 еуроға бағаланады.
Ал бағасы 600 мың еуро деп көрсетілген футболшылар қатарында Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада мен Сергей Малый («Ордабасы») бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлемнің ең қымбат футбол клубтарының тізімі жарияланды.
Forbes журналы әлемнің ең қымбат футбол клубтарының тізімін жариялады.
Сарапшылар команданың инфрақұрылымы, құрамы мен спорт саласындағы коммерциялық жағдайын бағалап, осындай шешімге келген.
Көш басында Испанияның «Реал» (Мадрид) клубы тұр. Сарапшылардың пікірінше, оның құны - 5 млрд 490 млн еуро.