Еліміздің қай өңірінде этнотуризм жақсы дамып келеді

киіз үй
Фото: Павлодар облысы білім басқармасы

АСТАНА. KAZINFORM – Туризм және спорт министрлігі еліміздің қай өңірінде этнотуризм жақсы дамып кете жатқанын атады.

«Этнотуризмнің дамуы елімізде Алматы және Түркістан облыстарында басқа өңірлерге қарағанда жоғары деңгейде. Бұл өңірлерде ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке негізделген турлар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен қолөнерін көрсету мақсатында этноауылдар құрылып жатыр. Түркістан облысында Ұлы Жібек жолы мұрасы негізінде этно турлар ұсынылады», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Дегенмен ведомство өткен жылы этнотуризм бағытында Қазақстанға қанша турист келгені туралы нақты мәлімет жоқ екендігін атап өтеді. Өйткені, бұл бағытта жеке ресми статистика жүргізілмейді. 

«Бірақ, жалпы туризм саласындағы көрсеткіштерге қарап, бұл бағыттың да қарқынды дамып жатқанын байқауға болады. Қазақстанға келетін туристердің басым бөлігі Ресей, Қытай, және Германия сияқты елдерден келеді. Олардың арасында этнотуризмге қызығушылық танытатындар да аз емес. Одан басқа, араб елдерінен келетін туристердің этнотуризмге қызығушылығы жоғары. Қазақстанның бай мәдени мұрасы мен әсем табиғаты шетелдік туристердің назарын аударады және бұл сала алдағы уақытта одан әрі дами беретініне сенім мол», - деді миинстрліктен.

Соңғы жаңалықтар
telegram