08:24, 03 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Еліміздің көптеген қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 3 желтоқсанда Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Қарағанды қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.