Еліміздің шығысындағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

экология, ауа сапасы
Фото: Рixabay.com

— 1 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, жаздың алғашқы күнінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.



https://kaz.inform.kz/news/elmzdn-5-kalasinda-aua-sapasi-tomendeyd-a06c95cd