Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қалай

АСТАНА. KAZINFORM — Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қалай
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

22 наурыз күнгі жағдай келесідей:

Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 30 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 40 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 50 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метр су жіберіліп жатыр. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 62 %-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 587 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберіліп жатыр.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 660 текше метр су жіберіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында Киров және Бітік су қоймаларынан секундына 10,1 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 7,6 текше метрден су жіберіліп жатыр.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 30 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 20 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберіліп жатыр.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 64%-ға толы.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 343,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 56,7 текше метр су жіберіліп жатыр.

Айта кетелік бүгін - дүниежүзілік су ресурстары күні

Соңғы жаңалықтар
Референдум