Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

16 наурыздағы жағдай мынадай:

Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 1,16 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ақтөбе облысында Ақтөбе су қоймасынан секундына 1 текше метр және Қарғалы су қоймасынан секундына 0,3 текше метр су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 36%-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 552 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан секундына 421 текше метр су жіберіліп жатыр.

Абай облысында Шүлбі су қоймасынан секундына 651 текше метр су жіберіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 5 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 14 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2 текше метрден су жіберіліп жатыр.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан секундына 3 текше метр су жіберіліп жатыр.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 15,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 13,9 текше метр су жіберіліп жатыр. 

Айта кетелік көктемде су тасқыны болуы мүмкін өңірлер аталған еді

Соңғы жаңалықтар