10:27, 06 Қазан 2025 | GMT +5
Еліміздің үш облысында қар аралас жаңбыр жауады
АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ –ның баспасөз қызметі республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметтерді жариялады.
Ұлттық компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 6 қазанда Абай, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жууы ықтимал.
-Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы туралы мәліметтерге құлақ түре жүруді ескертеміз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, - делінген хабарламада.
Осы орайда еліміздің 11 өңірінде ауа райына байлынысты ескерту жарияланғанын еске саламыз.