Елімізге пошта арқылы шетелден есірткі жеткізудің халықаралық арнасы жойылды

ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК бапасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті биылғы ақпанда пошта жөнелтілімдерін пайдалана отырып, алыс шетелден Қазақстанға есірткі жеткізудің халықаралық арнасын жойды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы салмағы 500 грамнан асатын каннабис тобының есірткі салынған қорапты алуы кезінде «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде жергілікті тұрғын ұсталды.

Бмылғы сәуірде Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстау бойынша операция жүзеге асырылды, одан 2,5 килограмнан астам «мефедрон» психотроптық заты тәркіленді, бұл 10 мыңға жуық бір реттік дозаны құрайды.

Жедел шара барысында күдіктілердің физикалық жазаға тартылу қаупі арқылы аймақ тұрғынын есірткі сатуға мәжбүрлеу фактісі құжатталды.

Ұсталған адам облыста психотроптық заттардың таралуының кең желісін ұйымдастыруды көздеген.

«Аталған адамдар соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар