Елорда әкімдігі Жол жүру ережелерін сақтауға қатысты сауалнама жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты қалада жол жүру ережелерін сақтау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізуде.
None
None

Сауалнаманың мақсаты - жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы өзекті тақырыптар мен мәселелерді анықтау, қаладағы жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдайды бағалау. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары және ЖЖЕ бұзу әрекеттері жиі кездесетін проблемалық учаскелерді (тротуарды, балалардың ойын алаңында, көгалдарда және т.б.) анықтау жоспарланып отыр.

Сұрақтарға мына сілтеме арқылы өтіп жауап беруге болады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум