00:10, 30 Шілде 2019 | GMT +5
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін Ақмарал Олжабаева басқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап мен әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі – қала әкімінің баспасөз хатшысымын. БАҚ саласы бойынша телеарналарда да, ақпараттық агенттіктерде де жұмыс істедім. Әкімдіктің баспасөз қызметінде жұмыс істеу мен үшін зор жауапкершілік, әрі мәртебе. Кез келген уақытта хабарласыңыздар, біздің баспасөз қызметіміз бәріңіз үшін ашық! Бірлесе жемісті жұмыс жасауға біз дайынбыз» - деп жазды Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында.
Ақмарал Олжабаева бұған дейін «BNews» ақпараттық агенттігінің бас редакторы сол сияқты «Еуразия» бірінші арнасында біраз жылдар тілші қызметін атқарды.