Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Милан мэрімен кездесті

Бұл туралы astana.gov.kz жазады.
Сапар барысында қазақстандық делегация аталмыш көрмедегі отандық және дубайлық кешендерді аралады. Қазақстанның көрме кешені келушілер арасында үлкен қызығушылық тудыруда. Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбековтың айтуынша, сапар аясында тараптар өзара тәжірибе алмасты, бұл өз кезегінде алдағы уақытта елімізде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін халықаралық стандарттарға сай өткізуге септігін тигізбек.
Одан өзге қала басшысы «Джиро д'Италия» веложарысының 20-шы кезеңін тамашалады. Айта кетейік, аталмыш сайыста Қазақстан намысын қорғаған «Астана» құрамасының мүшесі Фабио Ару жеңіске жетті. Ә. Жақсыбеков соңғы уақытта велоспорт Астана қаласында да айтарлықтай қарқынды түрде дамып келе жатқанын баса айтты.
Еске сала кетейік, «Астана» велокомандасы «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіреді. Оның құрылтайшылары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен Астана қаласының әкімдігі болып табылады.
Джиро д'Италия ең атақты көп күндік велосайысы Италияда 1909 жылдан бері өткізіліп келеді.