Елорда әуежайында бірқатар шектеулер қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына орай Нұрсұлтан Назарбав Халықаралық әуежайында бірқатар шаралар қабылдан. Бүгіннен бастап енгізілген шектеу шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгіннен бастап Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының ғимаратына шығарып салушылар мен күтіп алушылар үшін кіруге уақытша шектеу қойылады. Тұрғындар арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Осыған байланысты жоғары қауіп аймақтарында, яғни «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде теміржол вокзалдары мен әуежайларда шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу қойылады», - деп атап өтті Ә.Шәлекенов.

Оның сөзіне қарағанда, Назарбаев әуежайына келушілерге ыңғайлы болу үшін кіреберістерде арнайы күту орындары ұйымдастырылады. Ал мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін әуежай қызметкерлерінен құралған кезекші топтар қызмет көрсетеді.

«Кәмелеттік жасқа толмаған жолаушыларды бірге ертіп жүру мәселесі әуе компанияларының агенттері арқылы шешілетін болады. Халықтың түсіністікпен қарауын сұраймыз», - деді Ә.Шәлекенов.

Бұған дейін Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулыға қол қойғаны туралы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар