Елорда басшысы И.Тасмағамбетов құқық қорғаушылармен ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық барысын пысықтады
Бұл ақпаратты аталған ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінен хабарлады.
Алқалы жиын барысында ағымдағы жылғы желтоқсанның 1-2-сінде елордада өтетін ЕҚЫҰ Саммитін, 2011 жылғы қысқы Азиада ойындарын өткізу қарсаңында ішкі істер департаментінің қылмыспен күрес, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы мәселелері жан-жақты талқыға салынды.
Ведомствоның хабарлауынша, ЕҚЫҰ Саммитіне 50-ге мемлекеттің президенттері мен үкімет басшылары, 55 халықаралық ұйымның және 700-ден астам БАҚ өкілдері, 500 үкіметтік емес ұйымның, сондай-ақ ЕҚЫҰ хатшылығының 110 қызметкері келеді деп жоспарланған.
Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Марат Демеуов қала әкіміне ЕҚЫҰ Саммиті кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елордалық сақшылардың дайын екенін жеткізді.