Елорда кубогі: Алғашқы күні Ұлттық құрама мүшелері түгел жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM -  Астанада бокстан дәстүрлі «Елорда кубогі»  турнирінің алғашқы жарыс күні өтті.

«Елорда кубогі»: Алғашқы жарыс күні Ұлттық құрама мүшелері түгел жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттен мәлім еткендей, шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама мүшелерінің барлығы қарсыластарынан басым түсті.

Олардың арасында Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаевтар бар.

Сондай-ақ, жақында Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақ Аман Қонысбеков те құрама сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар