Елорда күні үрмелі аспаптар шеруінің өтуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күніне орайластырылған «АСТАНА САМАЛЫ» үрмелі аспаптар шеруінің өтуіне байланысты 2016 жылы 6 шілдеде Республика даңғылы бойында ҚР Әскери-тарихи мұражайынан (Республика даңғылы,2) Жастар сарайына дейін көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жол сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін жабылады.
Айналып өтуге ұсынылған бағыттар - Бейбітшілік, Уәлиханов көшелері, Сарыарқа даңғылы бойынша.
Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі жүргізушілерге мұқият болуды және көлікті үйде қалдырып, қоғамдық көлікпен жүрулерін сұрайды.
Айта кетейік, 2016 жылы 5-7 шілде аралығында Астана полицейлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жасайды.