Елорда күнінде Ақтөбеде Сәңкібай батырға арналған ескерткіш пен саябақ ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде Сәңкібай батырға арналған ескерткіш пен саябақ ашылды. Салтанатты шара Астананың туған күніне орайластырылды.

Елорда күнінде Ақтөбеде Сәңкібай батырға арналған ескерткіш пен саябақ ашылды

Қала әкімі Ерхан Омаров жиналған жұртты қаланың көркіне сән қосқан с аябақ пен ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

Ескерткіш пен саябақтың салынуына Сәңкібай батыр атындағы қоғамдық қор үлкен үлес қосты. Ескерткіш авторы - Жеңіс Жұбанқосов. «2010 жылы біз қоғамдық қор құрып, Сәңкібай батыр ескерткішін салуға қайырымдылық жинай бастадық. Содан бері 10 млн-ға жуық қаражат жиналды. Кейін қала билігіне жерлесімізге арнап ескерткіш орнатуға қолдау көрсетуін өтіндік. Олар өтінішімізді жерге тастамады. Қайырымдылықты жинауға Мұғалжар, Байғанин, Темір аудандарының кәсіпкерлері мен әкімдіктері көп көмектесті», - деді қордың төрағасы, батырдың сегізінші ұрпағы Совет Байқадамов.